«Астана» жастары беларусь командасын жеңді

«Астана» жастары беларусь командасын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Минскте 2008 жылы туған балалар командалары арасында Халықаралық«Динамо Кап» турнирі жалғасуда.

«Астана» жастары турнирді «Ригаға» (7:0) қарсы сенімді жеңіспен бастап, «Юность» командасына 0:1 есебімен есе жіберіп, топтық кезеңді «Динамоға» (Минск) қарсы тең нәтижемен қорытындылады. Өкінішке қарай, Ярослав Сеттаров пен Арман Баймұханов шәкірттеріне екінші орын алу үшін 4 ұпай жетпей қалды.

Нәтижесінде, турнирдің 9-16 орындары үшін өткен кездесуде жас астаналықтар «Могилев» ұжымын 3:0 есебімен сенімді жеңді. Ойында Алдияр Нұрғали дубль авторы атанса, тағы бір голды Әли Асқарбеков өз еншісіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер