Михал Билек: Оқу-жаттығу жиыны барысындағы ең үздік ойынымызды көрсеттік

news-banner7
mobile-news-top
«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы кездесуін «Арсенал Тула» командасына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Михал Билек кездесуді қорытындылап, алдағы маусым туралы өз пікірімен бөлісті:

- Менің ойымша бұл біздің оқу-жаттығу жиыны барысындағы ең үздік ойынымыз болды. Біз барынша қарсыласты қыспаққа алып, алаңда көп қимылдап, өте көп соққы жасап, әрі тамаша гол соқтық. Біз Ресей Біріншілігінде алтыншы орында келе жатқан командаға қарсы ойнап, өзімізге тән футбол үлгісін көрсете білдік.

- Алда жаңа маусым және Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін кездесу. Команда ол ойынға қаншалықты дайын?

- Оны сол ойын басталғанда көре жатармыз. Біздің аталмыш кездесу алдында дайындығымызды пысықтайтын аз да болса әлі уақытымыз бар. Команда құрамына жарақат алған Жарко Томашевич қосылды. Қалған жігіттердің толықтай қатарда болғаны қуантады. Біз ол ойынға барынша дайын болсақ, барлығы ойдағыдай болады деп ойлаймын.

- «Қайсарға» қарсы кездесуден не күтесіз?

- Тек қана жеңіс. Біздің қарсыласқа деген құрметіміз ерекше. Олар өткен маусымда өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бізді алда қиын матч күтіп тұр. Менің ойыншыларым да бізге ол кездесуде жеңіл болмайтынын түсінеді деген ойдамын. Біз үшін жеңіске жету өте маңызды болмақ. Егер өзімізге тән футбол үлгісін көрсететін болсақ, жігіттер алаңда қолдарынан келгеннің барлығын жасайтын болса, ол кездесуде жеңіске жетуге болады.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер