Басқа

Оралда допты хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Оралда допты хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Оралдағы «Жастар» стадионында допты хоккейден жасы 15-тен аспаған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты мәреге жетті.

Біріншілікке барлығы алты команда қатысып, бақ сынады.

Алты күнге созылған жарыс қорытындысында БҚО командасы (бапкері Виталий Немолочнов) жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан келген жасөспірімдер екінші, алматылықтар үшінші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Аталымдар бойынша үздік шыққан жекелеген хоккейшілер де ұмыт қалған жоқ.

Чемпионаттың ашылу рәсімінде мұзды сапалы дайындағаны үшін «Жастар» стадионы әкімшілігіне алғыс айтылды. Барлық құқықтар қорғалған.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер