Бокс

Қазақ боксшысы жеңіске жеткеніне қарамастан рейтингте төмендеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов Мексикадағы жекпе-жегінде жеңгеніне қарамастан әлемдік рейтингіде төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз шаршы алаңда мексикалық боксшы Мауро Лоретомен жұдырықтасып, нокаутқа жіберіп жеңіске жетті.

Осылайша Абылайхан кәсіби бокстағы 11-ші жекпе-жегінде жеңді. Ал мексикалық Лорето 11-ші рет жеңіліп отыр.

Бірақ қазақстандық боксшы жеңісіне қарамастан BoxRec рейтингінде 121-орыннан бірден 138-сатыға түсті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер