Басқа

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Карими еркін жаттығуда үздік үштікке енді. Ол финалда 14.200 ұпай жинаған. Алтын жүлдені Оңтүстік Корея өкілі (14.933) иеленді. Екінші орынға 14.600 ұпаймен ресейлік Кирилл Прокопьев жайғасты. Мельбурнда Милад тағы үш снаряд бойынша финалда сынға түседі.

Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер