Александр Мокин «Тобылмен» келісімшартқа отырды

Александр Мокин «Тобылмен» келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасында ойнап тәжірибе жинаған қақпашы Александр Мокин «Тобылмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Мокин - Шымкент футболының шәкірті, ол өзінің кәсіби жолын өзінің туған қаласында бастаған. Оның алғашқы клубтары шымкенттік «Жігер» және «Достық» болды.

2002 жылы Мокин елордалық «Жеңіс» клубына ауысып, ел чемпионатының алтыны мен қола жүлдгері атанды, сонымен қатар Қазақстан кубогын екі кубогы иеленген. Кейіннен «Оқжетпес», «Ордабасы» және «Алма-Ата» клубтарына жалға берілді.

2009 жылы ол Шымкентке оралып, онда екі маусым ойнады. «Шахтер» сапында да ойнаған Александр екі рет ел чемпионы болды, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Мокиннің соңғы клубы «Астана» еді. Елордалық командамен бірге қақпашы тағы төрт рет Қазақстан чемпионы атанды.

Александр 2012 жылдың ең үздік қақпашысы деп танылды, Қазақстан құрамасында 21 матч өткізді.

Мокиннің «Тобылмен» келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған.

Александр Мокин

Туған жылы: 1981 жылғы 19 маусым

Биіктігі: 192 см

Салмағы: 85 келі

Лауазымы: қақпашы

Азаматтығы: Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер