Қысқы

Рейхерд Жапониядағы Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды

Рейхерд Жапониядағы Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Тазавако қаласында өтіп жатқан Могул-фристайлдан Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында жекелей жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Дмитрий Рейхерд екінші әрекеттен 81,62 ұпай жинады, сөйтіп екінші нәтиже көрсетті. Тек канадалық Майкл Кингсбери ғана Рейхердтен үздік нәтиже көрсетті (83,05 балл). Жапониялық жарыс кезеңінің қола жүлдесін тағы бір Канада өкілі Лоран Думай иеленді (73,07 ұпай).

Тазавакодағы күміс медаль Рейхердтің 2019-2020 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінде алған екінші жүлдесі екенін айта кету керек. 1 ақпанда фристайлшы Калгариде үшінші орын иемденген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер