Оралдың «Ақжайығы» ОЖЖ-да 5 командамен ойнайды

Оралдың «Ақжайығы» ОЖЖ-да 5 командамен ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Оралдың «Ақжайығы» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында бес бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда 22 ақпанда Орал уақытымен 18:30-да (Нұр сұлтан уақытымен 19:30-да) Нигерия астанасы Лагостың МФМ командасымен ойнайды.

Сондай-ақ, «Ақжайық» украиналық клубтармен төрт спарринг матчын өткізеді: 29 ақпанда «Минай» (Ужгород) командасымен, 3 наурызда Луцкінің «Волынімен» , 6 наурызда 2019 жылғы Украина Кубогының финалистері «Ингулецпен» (Петрово, Кировоград облысы) ойнайды.

Оралдықтар жаттығу жиынын 9 наурызда ровнолық«Вереспен» ойнап аяқтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер