Басқа

Қазақстандық гроссмейстер Мәскеудегі шахмат турнирінің 3-кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық гроссмейстер Мәскеудегі шахмат турнирінің 3-кезеңінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Ресей астанасындағы Aeroflot Open шахмат турниріне қазақстандықтар Ринат Жұмабаев пен Жансая Әбдімәлік қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 1-турда жеңілгеннен кейін, қалған екі партияда 1,5 ұпай жинады. 2-раундта ол ресейлік Рудик Макарянмен қара фигурамен ойнап, тең түсті, ал келесі ойында ақ түспен ойнап, тағы бір ресейлік халықаралық шебері Кирилл Козионовтан басым түсті.

Ал Жансая Әбдімәлік 2-ші және 3-ші турларда Швеция гроссмейстері Расмус Сваннан және украиналық халықаралық шебер Наталья Буксадан жеңілді.

Үш турдан кейін 1,5 ұпайы бар Ринат Жұмабаев 50-орында, Жансая Әбдімәлік 0,5 ұпаймен 88-орынға тұрақтады.

Әзірбайжандық гроссмейстер Рауф Маммадов үш ойынның барлығында жеңіске жетіп, көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер