ММА

Alash Pride Turkestan 2020: Болашақ жастарға арналған Гран-при

Alash Pride Turkestan 2020: Болашақ жастарға арналған Гран-при
news-banner7
mobile-news-top

22 ақпанда Түркістанда «Аlash Pride Turkestan 2020» биылғы жылдың алғашқы турнирі өтеді, промоушн жеңіл салмақта Гран-при жүлдесін тігеді. Осыған орай, Prosports.kz шараның негізгі превьюін назарларыңызға ұсынады.

Alash Pride 18 жекпе-жекті ұйымдастыруға шешім қабылдаg отыр, олардың алтауы жеңіл салмақта (62 кг) Гран-при аясында өтеді.

Гран-при форматы соңғы кездері танымал бола бастады, бірақ АР матчмейкерлері мұнымен тоқталып қалмай, Қазақстан мен Қырғызстан күрескерлерінің қатысуымен Гран-при ұйымдастырып жүр. Мұндай шешуші айқастар жанкүйерлердің назарын қашан да аударатыны анық.

Алдағы турнирге Қазақстаннан 13 сарбаз қатысады. Гран-придің өзі туралы айтатын болсақ, онда сегіз файтер бақ сынаса, олардың екеуі біздің еліміздің намысын қорғайды. Төменде қатысушылар туралы ақпаратпен танысуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер