Күрес

Алтынай Сатылған Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Алтынай Сатылған Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келі салмақта белдескен қазақстандық Алтынай Сатылған қола медаль үшін күресті. Ол вьетнамдық Чи Хонг Даоны 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, ол Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, ширек финалда Сатылған тайландтық Апиню Таенфонфонды жеңген еді (6:0). Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы моңғолиялық Даавачимег Эркембайярге есе жіберді (3:4).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер