Әлем футболы

Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» «Брюггемен»тең түсті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалдық сатысының алғашқы ойындары басталды.

Осы уақытқа дейін сегіз ойын аяқталды. Олардың қатарында Бельгияның «Брюгге» және Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары арасындағы кездесу бар.

Естеріңізге сала кетелік, «Манчестер Юнайтед» клубы елордалық «Астанамен» бірге L тобында сынға түсті. Ағылшындық клуб өз алаңында қазақстандықтарды 1:0 есебімен жеңсе, елордада 1:2 есебімен есе жіберді. Бүгінгі кездесуде «Брюгге» де, «Манчестер Юнайтед» те терезесі тең деңгейде ойын көрсетті.

Толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Есепті бельгиялық клуб ашты. Ойынның 15-минутта Эммануэль Деннис қанжығасын майласа, оған ағылшын клубынан Антони Марсьяль 36-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Тағы бір қызықты кездесу Германияда жергілікті «Айнтрахт» (Франкфурт) пен Австрияның «Зальцбург» командалары арасында өтті. Бұл матчта неміс футболшылары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Қарсыласынан ірі есеппен басым түсті. «Айнтрахт» сапынан 12, 43, 53-минуттарда Даити Камада гол соғып, хет-трик жасады. Ал 56-минутта оның әріптесі Филип Костич есепті үстемелей түсті. Оған «Зальцбург» сапынан Хван Хи Чан бір голмен жауап қайырды. Ойында «Айнтрахт» 4:1 есебімен басым түсті. Қазірге дейін тағы алты кездесу аяқталды.

Олардың есеп нәтижесі төмендегіше: «Спортинг» (Португалия) - «Ыстанбұл Башакшехир» (Түркия) 3:1, «Копенгаген» (Дания) - «Селтик» (Шотландия) 1:1, «Шахтер Донецк» (Украина) - «Бенфика» (Португалия) 2:1, «Хетафе» (Испания) - «Аякс» (Нидерланды) 2:0, «ЧФР Клуж» (Румыния) - «Севилья» (Испания) 1:1, «Лудогорец» (Болгария) - «Интер Милан» (Италия) 0:2.

Сондай-ақ, қазір елорда уақытымен тағы сегіз ойын өткізіледі. Атап айтқанда, «Вулверхэмптон» (Англия) және «Эспаньол» (Испания), АПОЭЛ (Кипр) және «Базель» (Швейцария), «АЗ Алкмаар» (Нидерланды) және ОАСК (Австрия), «Рейнджерс» (Шотландия) және «Брага» (Португалия), «Байер» (Германия) және «Порту» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия) және «Арсенал» (Англия), «Вольфсбург» (Германия) және «Мальмё» (Швеция), «Рома» (Италия) және «Гент» (Бельгия) командалары кездеседі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер