Билек: Сочилік команданың мықты екені байқалып тұрды

Билек: Сочилік команданың мықты екені байқалып тұрды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері Михал Билек өз командасының бақылау матчында «Сочиден» жеңілгені туралы пікір білдіріп, елордалық клубқа жаңадан келген Пьерос Сотириус жайлы да айта кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мен барлық ойыншыларды сынап көргім келді, сондықтан 18 ойыншы алаңда 45 минут ойнаса, төртеуі ғана - Непогодов, Сигурьонссон, Логвиненко және Перцухтар матчты толығымен өткізді. Ойынға көңілім толды деп айта алмаймын, өйткені біз мықты қарсыласпен ойнап, ұтылып қалдық. Егер екі таймды салыстыратын болсақ, екіншісінде біздің ойын өрнегі жақсырақ болғандай. Біз шабуыл шебін күшейтуіміз керек, өйткені бірінші таймда қақпаға дұрыстап соққы бағыттай алмадық. Осы кемшілікті жою бағытында жұмыс істейміз.

- Көпшілікті командаға жаңадан келген футболшы қызықтырады. Сотириус 45 минут ойнады, көңіліңізден шықты ма?

- Әрине бүгінгі ойын оған қиын болғаны анық, өйткені ол командамен жаттығу жасап та үлгермеді. Оның ұжымның ойынына көмектесетіндей жақсы қасиеттері бар. Бейімделуі тиіс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер