Сотириу: «Астанаға» барлық міндеттерін орындауға көмектескім келеді

Сотириу: «Астанаға» барлық міндеттерін орындауға көмектескім келеді
news-banner7
mobile-news-top
Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасады. Ол клубтың баспасөз қызметіне өзінің алғашқы әсерімен бөлісті:

- Қазақстанның ең мықты командасы «Астана» сапында өз күшімді сынап көргім келді. Бұл мен үшін өте жақсы таңдау деп ойлаймын. Себебі команда бас бапкері мені өз құрамында көргісі келді, оған қоса менде еурокубоктерде ойнайтын керемет мүмкіндік бар.

- Сен «Астанаға» және Қазақстан құрамасына қарсы ойнадың. Осы кездесулер есіңде ме?

- «Астана» және Қазақстан құрамасы ол кездесулерде өздерін өте жақсы көрсетті. Аталмыш ойындар екі команда үшін де қызықты жағдайда өрбіді.

- «Астана» сапында өз алдыңа қандай мақсат қоясың?

- Мен барынша көп гол соғып, командаға өз алдына жүктеген міндеттерін орындауға көмектескім келеді.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер