Басқа

Жансая Әбдімәлік Мәскеудегі шахмат турнирінің алғашқы турында тең түсті

Жансая Әбдімәлік Мәскеудегі шахмат турнирінің алғашқы турында тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде Aeroflot Open халықаралық шахмат турнирі басталды. Қазақстан Ринат Джумабаев пен Жансая Абдумалик «А» категориясындағы жарыстарға қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 1-айналымда қара фигурамен ойнап, өзбекстандық Джавохир Синдаровтан жеңіліп қалды. Халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік те қара фигурамен бастап, ресейлік шахматшы Максим Чигаевпен тең түсті.

2-ші турда Жұмабаев қара фигурамен ресейлік халықаралық шебері Рудик Макарянға қарсылас атанса, Жансая Әбдімәлік ақ фигурамен неміс гроссмейстері Расмус Сванмен ойнайды.

Фото Жансая Әбдімәліктің Instagram парақшасынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер