Әлем футболы

Чемпиондар лигасының екі матчы өтті (видео)

Чемпиондар лигасының екі матчы өтті (видео)
news-banner7
mobile-news-top

19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні Милан мен Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының екі матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Миланда бергамолық «Аталанта» 4:1 есебімен испандық «Валенсияны» жеңді. Алаң иелерінің қорғаушысы Ханс Хатебур дубль жасаса, тағы екі голды Иличич пен Фройлер соқты. Қонақтар сапынан Денис Черышев жалғыз голдың авторы атанды.

«Аталанта» (Бергамо, Италия) – «Валенсия» (Испания) 4:1 (2:0)

Гол соққандар: 1:0 – Хатебур (16), 2:0 – Иличич (42), 3:0 – Фройлер (57), 4:0 – Хатебур (62), 4:1 – Черышев (66).

Лондонда «Тоттенхэм» футбол клубы германиялық «РБ Лейпцигінен» жеңіліп қалды - 0:1. Тимо Вернер пенальтиден гол соқты.

«Тоттенхэм Хотспур» (Англия) – «РБ Лейпциг» (Германия) 0:1 (0:0)

Гол: 0:1 – Вернер (58, пен).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер