Петров кубогы: «Сарыарқаның» 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды
![Петров кубогы: «Сарыарқаның» 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_7e7a18a2c1d0c4cd7505f74f30d7d7ed.jpg?v=28687154)
Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы (ВХЛ) плей-офф кезеңінің бірінші турында Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезекті маусымда «Сарыарқа» 71 ұпай жинап, екінші конференцияда бесінші орын алды. Ал «СКА-Нева» 86 ұпаймен бірінші конференцияда төртінші орынға тұрақтады.
Серия төрт жеңіске дейін жалғасады. Плей-офф кезеңінің 1/8 финалдық матчтары 22, 23, 26 және 27 ақпанда өтеді. Қажет болса, командалар 1, 4 және 7 наурызда қосымша кездесулер өткізеді.
«Сарыарқа» - Петров кубогының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымның финалында қарағандылықтар Тюменьнің «Рубин» клубын жеңген болатын.