Әлем футболы

ЧЛ: «Атлетико» «Ливерпульді» тоқтатты, Холанн ПСЖ-ны тізе бүктірді

ЧЛ: «Атлетико» «Ливерпульді» тоқтатты, Холанн ПСЖ-ны тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта «Боруссия Д» мен ПСЖ, «Атлетико» мен «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Атлетико» өз алаңында азулы «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңді. Төртінші минутта Сауль Нигьес жеңісті голды соқты. Қарымта кездесу үш аптадан кейін Англияда өтеді.

Әлем футболындағы жас талант «Боруссияға» өз алаңында ПСЖ-ны жеңуге көмектесті. 19 жастағы Эрлинг Холанн сегіз минут ішінде Кейлор Навас қорғаған қақпаға екі гол соқты. Париждік клуб Неймардың бір голымен жауап қатты. Есеп - 2:1, текетірес тағдыры Парижде 11 наурыз күні шешіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер