«Астана» жаңа логотипін таныстырды

«Астана» жаңа логотипін таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Логотиптің келбетін өзгерту бойынша жұмысты аяқтаған шығармашылық топ түс гаммасын, сондай-ақ негізгі элементтерді – astana football club жазуы мен футбол добын қалдыруды ұйғарды.​

Тарихи дәстүрді жалғастыру мақсатында бұрынғы таңбадағы түстер қалдырылды.

Өйткені, көк түсті бүкіл түркі жұрты қасиет тұтады, әрі ол дархан Қазақстанның ашық аспанының, бақ-берекесінің символы. Осы элементтер жеңіс, қорғаныс, атақ пен даңқтың белгісі болған қалқанға орналастырылды.

Сондай-ақ, логотипке клубтың негізі қаланған жылын, Нұр-Сұлтан жазбасын қосу туралы шешім қабылданды. Себебі, «Астана» футбол клубы ішкі және халықаралық аренада қаланың намысын қорғайтын бірден-бір клуб екендігі баршаға аян. Бидай масақтарынан жасалған гүл шоғыры – біздің қаланың тарихи астық өлкесі екендігін білдірсе, сондай-ақ Қазақстан чемпионатындағы жеңістерді бейнелейтін чемпиондардың гүл шоғыры екендігін айқындап тұр.

Ал екі жұлдыз – бұл «Астана» футбол клубының 6 чемпиондығының дәлелі. Өйткені, Қазақстан Премьер-Лигасының регламенті бойынша клуб елдегі әрбір үшінші чемпиондық үшін өз логотипіне бір жұлдыздан қосуға құқылы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер