Қысқы

Галина Вишневская үздік ондыққа кірді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Галина Вишневская Италияның Антхольц қаласында биатлоннан 15 км жеке қашықтықта тоғызыншы орынға ие болды.

Қазақстандық спортшы төрт мәрте нысана көздеуде бірде-бір оғын мүлт жіберген жоқ. Тек жылдамдығы жағынан есе жіберген Галина қорытындыда үздік ондықтың қатарына кірді.

Жарыс барысында екі рет оғын нысанаға тигізе алмағанымен, қарқыны мықты италиялық Доротея Вирер мәре сызығын бірінші болып қиды.

Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші алтын медалі. Д.Вирерден сәл-пәл қалып қойған германиялық Ванесса Хинц екінші, норвегиялық Марте Рейселанд үшінші орынға көтерілді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер