Басқа

Виталий Худяков Катардағы әлемдік лигада 27-ші орын алды

Виталий Худяков Катардағы әлемдік лигада 27-ші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада ашық суда жүзуден әлемдік серия аяқталды. Аталған сынға Қазақстан сапынан екі спортшы қатысты, деп хабарлайды prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

10 шақырымға жарысудан жалпы есебі 82 спортшы бақ сынады. Нәтижесінде, Виталий Худяков 27-ші орын иеленса, Лев Черепанов 49-шы сатыға тұрақтады.

Айта кету керек, Худяков алтын жүлдегерден 22 секундқа, қола жүлдегерден 10 секундқа, оныншы орын иегерінен 4 секундқа қалып қойды. Азия спортшыларының ішінде Худяков бірінші нәтиже көрсеткен.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер