Басқа

Каратеші Данияр Юлдашев Премьер-лига финалына шықты

Каратеші Данияр Юлдашев Премьер-лига финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Дубайда Karate 1 Премьер-лигасы өтіп жатыр. Аталған жарыста ерлер 84 келіге дейін және 84 келіден жоғары, әйелдер 68 келі және одан жоғары салмақта бақ сынауда, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

84 келіге дейінгі сақмақта қатысып жатқан қазақстандық каратеші Данияр Юлдашев финалға жолдама алды. Финалға дейін ол Әзірбайжан спортшысын 6:3, Ресейлік спортшыны 8:0, Франция өкілін 3:1, жартылай финалда Македония каратешісін 6:0 есебімен жеңді. Енді отандасымыз финалда Иран спортшысы әлем чемпионы Пуршабпен кездеседі.

Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта жүлдені сарапқа салатын спортшылар белгілі болды. Қазақстандық Ермек Айназаров қола жүлде үшін кездесу өткізеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер