Қысқы

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан рекорды тіркелді

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан рекорды тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс барысында командалық спринт бойынша Қазақстан рекорды тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Ерлер арасында аталған бәсекеге Роман Креч, Станислав Палкин, Александр Кленко және Артур Галиев қатысты. Қазақстандық спортшылар финалда алтыншы орыннан көрінді. 1:20.398 көрсеткішімен олар Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. Нидарланды спортшылары 1:18.187 нәтижесімен үздік танылса, екінші орынға 1:18.533 уақытпен Қытай құрамасы, үшінші орынға 1:19.545 көрсеткішімен Норвегия жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер