Басқа

Виталий Худяков ашық суда жүзуден Катардағы әлем кубогында бақ сынайды

Виталий Худяков ашық суда жүзуден Катардағы әлем кубогында бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада ашық суда жүзуден әлемдік серия басталады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы сапынан аталған сынға екі спортшы қатысады.

Нақтылап айтар болсақ, Виталий Худяков пен Лев Черепанов ел намысын қорғайды. Олар 10 шақырымға жарысатын спортшылар қатарында. Турнир 16 ақпанға дейін созылады.

Айта кетелік, Виталий Худяков 2019 жылдың сәуірінде Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер