Басқа

Бадминтоннан Азия чемпионатында Қазақстан Малайзияға есе жіберді

Бадминтоннан Азия чемпионатында Қазақстан Малайзияға есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Филиппиннің Манила қаласында бадминтоннан командалық Азия чемпионатына қатысуда. Өкінішке қарай, ерлер құрамасы 1/8 айналымнан аса алмады.

Азия чемпионатындағы екінші кездесуде Асқар Орманов жаттықтыратын Қазақстан ерлер командасы Малайзияға қарсы ойнап, 0:5 есебімен ұтылды. Бірінші кездесуде қазақстандықтан 1:4 есебімен Үндістанға есе жіберген болатын.

Осылайша, бадминтоннан ерлер құрамасы ширек финал жолдамасынан қағылды.

Ал қыздар командасы жарысты бірден ширек финалдан бастайды. Қытай, Гонконг командаларын коронавирус қаупіне байланысты турнирге қатыстырмаған. Үндістан қыздар құрамасы вирустан қауіптеніп, турнирден бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер