Теннис

Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирдің екінші айналымға өтті

Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирдің екінші айналымға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ресейлік Анастасия Потаповамен бірге Санкт-Петербургте өтіп жатқан WTA турнирінің жұптық сынында екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда Юлия-Анастасия жұбы поляк спортшысы Алисия Росольск мен австралиялық Айла Томляновичті 7:6 (7:4), 4:6, 10:3 есебімен жеңді.

Жарыстың екінші кезеңіндеПутинцева/Потапова жұбы жапон теннисшілері Сюко Аояма/Эн Сибахара жұпымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, жекелей сында Юлия Путинцева алғашқы айналымнан өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер