Теннис

Кукушкин Роттердам турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Михаил Кукушкин Роттердам (Нидерланды) ATP турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған М.Кукушкин бірінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, франциялық Жиль Симонмен кездесті. Қазақстандық спортшы негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Ж.Симонның жолы болды – 7:6 (7:3). Екінші сетте брейк жасаған қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Бұдан кейін франциялық теннисші қайыра брейк жасап, есепті қысқартқанымен, М.Кукушкин екінші сетпойнтын пайдалана алды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияны қазақстандық спортшы брейкпен бастағанымен, қарсыласы сол бойда қарымта қайырды – 1:1. Есеп 3:2 болғанда, Симон тағы бір брейк жасап кетті. Ақыры ол осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Тартысты бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды. Ж.Симон жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, франциялық Гаэль Монфис немесе рейтингте 68-сатыдағы португалиялық Жоау Соузамен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер