Әлем футболы

«Челси» екі жылда 205 млн еуро пайда көріп, табысты клуб атанды

«Челси» екі жылда 205 млн еуро пайда көріп, табысты клуб атанды
news-banner7
mobile-news-top

CIES Football Observatory зерттеу орталығы соңғы екі жылда трансферге ең көп пайда тапқан клубтардың тізімін жасап шықты.

Ағылшынның "Челсиі" соңғы екі жылда 16 футболшысын жалпы сомасы 250 миллион еуроға сатқан екен. Сол уақыт аралығында тек Матео Ковачичті 45 миллион еуроға сатып алған.

Соңғы екі маусымда трансферлік нарықта табысқа кенелген клубтар:

1. "Челси" - 205 миллион еуро (45 миллион еуро жұмсап, 250 миллион пайда тапты);
2. "Бенфика" - 166 (64, 230);
3. "Аякс" - 137 (64, 201);
4. "Спортинг" - 92 (29, 121);
5. "Ред Булл Зальцбург" - 75 (28, 103);
6. "Лилль" - 69 (99, 168);
7. "Хоффенхайм" - 69 (65, 134);
8. "Сампдория" - 57 (42, 99);
9. ПСВ - 56 (42, 98);
10. "Эмполи" - 50 (20, 70).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер