Әлем футболы

«Реал» соңғы екі жылда трансферден шығынға батқан клубтар тізімін бастады

«Реал» соңғы екі жылда трансферден шығынға батқан клубтар тізімін бастады
news-banner7
mobile-news-top

CIES Football Observatory зерттеу орталығы соңғы екі жылда трансферге ең көп қаржы жұмсаған және пайда тапқан клубтардың тізімін жасап шықты.

Трансфер нарығында 181 миллион еуро шығынға батқан "Реал" көшті бастады. Мадридтік клуб жеті футболшысын 149 миллион еуроға сатса, 330 миллионға жеті ойыншыны сатып алған. Екінші орынға "Астон Вилла" жайғасса, "Барселона" үштіктен орын алды.

Соңғы екі маусымда трансферлік нарықта ең көп шығынға батқан клубтар:

1. "Реал" - 181 миллион еуро (330 миллион еуро жұмсап, 149 миллион пайда тапты);

2. "Астон Вилла" - 169 (172, 3);

3. "Барселона" - 166 (288, 122);

4. "Манчестер Юнайтед" - 151 (244, 93);

5. "Тоттенхэм" - 141 (204, 63);

6. "Монако" - 121 (211, 90);

7. "Интер" - 111 (235, 124);

8. "Ювентус" - 94 (235, 141);

9. "Фиорентина" - 93 (137, 44);

10. "Герта" - 92 (117, 25).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер