Басқа

Садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

4-11 ақпан аралығында Темуртау қаласында садақ атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында жабық ғимараттағы Қазақстан біріншілігі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Классиалық садақ ату, ерлер: 1. Денис Ганькин (Талдықорған) 2. Ильфат Абдуллин (Талдықорған) 3. Сұлтан Дүзелбаев (Талдықорған)

Классикалық садақ ату, әйелдер: 1. Фарида Тукебаева (Талдықорған) 2. Александра Воропаева (Шымкент) 3. Гаухар Игібаева (Ақмола облысы)

Блоктық садақ ату, ерлер: 1. Ақбарәлі Қарабаев (Шымкент) 2. Рустам Қарабаев (Шымкент) 3. Павел Фишер (Алматы)

Блоктық садақ ату, әйелдер: 1. Диана Макарчук (Талдықорған) 3. Нина Дударева (Алматы) 3. Виктория Лян (Алматы) Классикалық садақ атудан командалық сында Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаев намысын қорғайтын Алматы облысы топ жарды. Әйелдер арасында Александра Воропаева, Анастасия Туркина және Диана Тұрсынбектен құралған Шымкент командасы озып шықты. Блоктық садақ атудан командалық бәсекеде талдықорғандықтар тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы Артем Ганькин, Сергей Христич, Нұр Ыбыраевтар алтын жүлде иеленген. Әйелдер арасында Талдықорған қаласының атынан келген Адель Жексенбинова, Диана Макарчук және Мария Филько үштігі алтын жүлдегер атанды. Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы бірінші, Алматы қаласы екінші, Шымкент қаласы үшінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер