Басқа

Қазақстандық гимнасшы Мәскеудегі халықаралық турнирде TOP 20 тізіміне кірді

Қазақстандық гимнасшы Мәскеудегі халықаралық турнирде TOP 20 тізіміне кірді
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды. Ресей астанасындағы жарысқа Қазақстан атынан Алина Әділханова қатысқан болатын деп жазады Prosports.kz Olympic.kz.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Әділханова 68.20 ұпай жинады. Ол доппен жаттығуда 17.65, ұршықпен жаттығуда 19.00 ұпай алған. Шығыршықпен жаттығуда 19.20 ұпайға қол жеткізген Алина таспамен жаттығуда ең төмен ұпайын алды. Осылайша, жалпы есепте 15-ші орынға тұрақтады. Халықаралық сында Ресей гимнастары жүлдені ешкімге берген жоқ. Анастасия Симакова, Мария Сергеева және Анастасия Гузенковалар жеңіс тұғырына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер