Қысқы

Қазақстан биатлоншылар одағы ұлттық құраманың төрт спортшысын шеттетті

Қазақстан биатлоншылар одағы ұлттық құраманың төрт спортшысын шеттетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан биатлоншылар одағы ұлттық құраманың төрт спортшысын шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Бүгін, 10 ақпан күні, Қазақстан Биатлоншылар Одағының президенті Ермек Қизатовтың жетекшілігімен Одақтың тәртіптік комиссиясының кезектен тыс жиыны өтті. Аталған жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысты. Комиссия мүшелері әлем чемпионаты қарсаңында Австрияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында спорттық режим мен тәртіпті бұзған төрт қазақстандық спортшының мәселесін қарастырды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан төрт спортшы шеттетілді. Олар биатлоннан өтетін республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстырылмайды. Атап айтар болсақ, Антон Пантов төрт жылға, Тимур Куц, Владислав Витенко және Роман Еремин бір жылға спорттан шеттетілді. Спортшылардың барлығы жаттығу жиынынан қайтарылған. Шешімді қабылдауға биатлоннан ұлттық құрама бас бапкері Мақсат Шарановтың рапорты және спортшылар мен бапкерлердің түсініктемесі себеп болды. Сондай-ақ, Обертиллах қаласындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде команда мүшелері тұрақтаған австриялық қонақүйдің арыз-шағымы да назардан тыс қалған жоқ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер