Басқа

«Астана Аренаның» шатыры құлады

«Астана Аренаның» шатыры құлады
news-banner7
mobile-news-top

Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінің шатыры қалың қардың әсерінен ортасына опырылып құлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы астаналық тұрғын Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

«Астана Арена» спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев ақпаратты растап, түсініктеме жасады.

«Бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында жауын-шашынның салдарынан кешен шатырындағы поликарбонаттық плиткалар құлап түсті. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Адам шығыны мен зардап шегушілер жоқ», - деді Антоничев.

Оның айтуынша, спорт кешенінің шатыры шыны плитка болғандықтан, оның үстіндегі қарды тазалау мүмкін емес екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер