Басқа

Семсерлесуден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Семсерлесуден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық нояндар жеңіліс тапты.

1/32 айналымда Оңтүстік Корея өкілі Сонг Джае Хомен кездескен Дмитрий Алексанин қарсыласқа 9:15 есебімен есе жіберді.

Ал Вадим Шарлаимов испандық Евгений Гавалдадан ұтылды. Есеп – 13:15. Турнир қорытындысы бойынша Алексанин 36-шы, Шарлаимов 43-ші орында.

Айта кетелік, бұған дейін Эльмир Алимжанов пен Руслан Курбанов сынға түсіп, 1/64 айналымда ұтылған болатын.

Енді қазақстандық спортшылар командалық жарысқа қатысады. Бүгін түнде басталатын бәсекеде Алексей Писцов шәкірттері Гонконг құрамасымен кездеседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер