Әлем футболы

Симеоне - әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкер

Симеоне - әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкер
news-banner7
mobile-news-top

Диего Симеоне жалақысы ең көп бапкер атанып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, «Атлетикода» аргентиналық маманның жалақысы салық төленгенге дейін айына 3,6 миллион еуро құрайды. Жер шарындағы ең көп жалақы төленетін жаттықтырушылар тізімінде екінші орында Хосеп Гвардиола тұр. «Манчестер Ситиде» испаниялық бапкер айына 1,94 миллион еуро табады. Үшінші орынды Юрген Клопп («Ливерпуль») мен Джозе Моуриньо («Тоттенхэм Хотспур») бөлісті, олардың әрқайсысы айына 1,46 миллион еуро алады. Олардың артында Зинедин Зидан мен Антонио Конте тұр. Алғашқысы «Реалда» айына 1,4 миллион еуро, ал екіншісі - «Интерде» айына 1,38 миллион еуро алады.

Бір қызығы, «Барселонаның» жаңа бас бапкері Энрике Сетьен айына 0,5 миллион еуро алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер