Әлем футболы

«Барселонада» тағы да бүлік. Месси мен Тер Штеген төбелескен

«Барселонада» тағы да бүлік. Месси мен Тер Штеген төбелескен
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» капитаны Лионель Месси енді әріптесімен жанжалдасып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Жақында ғана Месси клубтың спорт директоры Эрик Абидальмен сөзге келіп қалған еді. Клуб басшылығымен қатар, әлемнің үздік футболшысы әріптестерімен де қырғи-қабақ көрінеді. El Pais мәліметінше «Валенсиядан» жеңілген соң, Месси мен Тер Штеген жаттығу барысында төбелесіп қалған. Басқа футболшылар екеуін лезде ажыратып жіберген.

Месси мен «Барселона» арасындағы келісімшарт 2021 жылдың маусымында бітеді. Келісімшарттағы келісімге сәйкес, Месси осы жазда басқа клубқа тегін ауыса алады. Тек клуб еуропалық болмауы тиіс.

Католондық клубтағы жанжалды пайдаланып қалғысы келетін Мессидің бұрынғы бапкері Пеп Гвардиола мен «Манчестер Сити» 32 жастағы футболшыны қол бұлғап шақырып тұрғанын жазған едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер