Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕртең, 7 ақпанда, Кортрейкте (Бельгия) Қазақстан мен Бельгия командаларының қатысуымен Федерация кубогының іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін, 6 ақпанда, жеребе тастау рәсімі өтіп, ойын кестесі анықталды.
Сонымен, Зарина Дияс әлемдік рейтингтің 19-шы сатысына жайғасқан Элиза Мертенспен ойнайды. Юлия Путинцева 115-ші орындағы Исалин Бонавентюремен кездеседі.
Келесі күні, 8 ақпанда, теннисшілер қарсыластарымен алмасады.
Жұптық сында Ярослава Шведова/Анна Данилина және Кирстен Флипкинс/Гретие Миннен матч өткізеді.
Бельгия-Қазақстан матчының жеңімпазы сәуір айында Будапештте өтетін жаңа форматтағы финалдық кезеңге жолдама алады.