Футзал

Кака: Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады

Кака: Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады
news-banner7
mobile-news-top
Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Рикардо Кака 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеуінің элиталық кезеңінде Словениямен (4:3) өткен ойыннан кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Менің командамның көрсетіп жатқан ойынына ұялмаймын. Осы уақыта дейін де осы сөзді айтқан едім. Жігіттердің алаңда көрсетіп жатқан ойыны менің ойымдағы футзалға жақын келеді. Олар халық үшін ойнайды. Мұндай ниеттің арқасында барлық қиындықтарды артта қалдыруға болады. Бір күн демалуға мүмкіндік бердім. Чехиямен өткен ойында жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Екінші ойынның нәтижесіне қарамаймыз. Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады.

Айта кетейік, бүгін сағат 23:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі соңғы ойын Чехияға қарсы өткізеді.

Қазақстан Словенияға қарсы матчта жеңісті жұлып алды

Қазақстан Элиталық кезеңде Румыниядан жеңіліс тапты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер