ММА

Федерация өкілі елордадағы жарыс кезіндегі жаппай төбелес жайлы түсініктеме берді

Федерация өкілі елордадағы жарыс кезіндегі жаппай төбелес жайлы түсініктеме берді
news-banner7
mobile-news-top

«Нұр-Сұлтан қаласында аралас жекпе-жектен өткен турнирде көрермендер мен жарысқа қатысқан команда өкілдері арасында төбелес болды»,- деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті

- Бұл видеоны өз арнасына салған автор, мұның барлығы Қазақстан чемпионаты аясында болғанын атап өткен. Алайда, бұл жалған ақпарат. Бұл ҚР чемпионаты емес, ашық қалалық жарыс болатын. Сондай-ақ, автордың айтуынша астаналық команданың бапкері екінші әріптесін пышақпен жаралаған. Бұл факт ойдан шығарылған. ИЯ, жанжал екі команда арасында болғаны рас, бірақ ешқандай да пышақ жарақаты болған жоқ. Айта кетерлігі, бұл жанжалға біздің федерацияның жаттықтырушыларының, спортшыларының немесе қызметкерлерінің ешқандай да қатысы жоқ. Және турнир барысында жанжалға қатысы бар адамдардан тыныштықты күзетіп жүрген полиция өкілдері жауап алды. Бұл жанжалдың неден басталғанынан да бей хабармыз. Турнир Нұр-Сұлтан қаласының аралас жекпе - жек Біріккен Федерациясының ұйымдастырылуымен өткізілді және штаттық режимде аяқталды, - деді қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер