Басқа

Turkish open G1: Қазақстандық таеквондошылар 7 медаль алды

Turkish open G1: Қазақстандық таеквондошылар 7 медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингілік "Turkish open G1" турнирі өтіп жатыр.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 3 күміс және 4 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Әлімжан Серікбаев (63 келі) мен Смайыл Дүйсебай (+87 кг) күміс жүлдегер атанса, қыздар арасында Жансель Денис (73 кг) екінші орыннан көрінді.

Ал ел қоржынына қола жүлдені салғандар Эльдар Бірімбай (68 кг), Абдусамат Лес (74 кг), Руслан Жапаров (+87 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (73 кг) болды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер