Әлем футболы

Исламханның командасы БАӘ чемпионатында ең көп гол соққан

Исламханның командасы БАӘ чемпионатында ең көп гол соққан
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ойнайтын «Аль-Айн» Біріккен Араб Әмірліктері чемпионатының ең нәтижелі командасы атанып тұр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

15-тур алдында соққан голдар көрсеткіші бойынша «Аль-Ахли» көшбасшы болған. «Аль-Васлға» қарсы ойында «Аль-Айн» 5:0 есебімен жеңіске жеткен, бесінші голда Бауыржан Исламхан нәтижелі пас берген еді. Осылайша, Бауыржан Исламханның командасы чемпионатта 35 гол соғып, ең нәтижелі клуб атанып тұр.

Естеріңізге салсақ, Исламхан «Аль-Айн» сапына 31 қаңтарда ауысып, 1 ақпанда дебютін өткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер