Қысқы

Фристайл-могулдан Еуропа кубогы: Қазақстанда қос күміс жүлде

Фристайл-могулдан Еуропа кубогы: Қазақстанда қос күміс жүлде
news-banner7
mobile-news-top

Франциядағы Тигнесте фристайл-могулдан Еуропа кубогің кезеңі аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі жүлдені жеңіп алды.

Аталған додада қазақстандық спортшы Анастасия Городко күміс медальға қол жеткізді. Жарыста отандасымыз 56.95 көрсеткішімен үздіктер қатарынан табылды. Бірінші орынға франциялық Камиле Каброл (58.85) иелік етсе, оның командаласы Фантине Дигроуд (51.95) үшінші орыннан көрінді.

Ал ерлер арасындағы бәсекеде Антон Бондарев 66.85 көрсеткішімен екінші орынға жайғасты. Фин спортшысы Аксели Ахвенейнен (68.22) алтыннан алқа тақса, франциялық Мариус Боурдетте (67.42) үздік үштікті қорытындылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер