Әлем футболы

«Манчестер Сити» Лондонда он ойыншымен «Тоттенхэмнен» жеңілді

«Манчестер Сити» Лондонда он ойыншымен «Тоттенхэмнен» жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын премьер-лигасының 25-ші турындағы орталық матч Лондонда өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Тоттенхэм» өз алаңында АПЛ чемпионы «Манчестер Ситиді» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы таймда Пеп Гвардиола шәкірттері пенальтиді голға ұластыра алмады. Тағы да бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, үзіліске командалар голсыз кетті.

61-ші минутта матчтың шешуіші сәті орын алды. «Манчестер Сити» қорғаушысы Александр Зинченко ойында екінші мәрте сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Қарсыластың бір футболшыға кем қалғанын Жозе Моуриньо командасы ұтымды пайдаланды. Стивен Бергвейн есепте ашса, Сон Хын Мин матч нүктесін қойды.

Тур қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» 51 ұпаймен екінші орында қалды. «Қалалықтар» көш басындағы «Ливерпульден» 22 ұпайға қалып келеді. Ал 37 ұпай жинаған «Тоттенхэм» бесінші орынға көтерілді.

АПЛ. 25-тур

«Тоттенхэм» - «Манчестер Сити» - 2:0

Голдар: Бергвейн, 63 (1:0), Сон Хын Мин, 71 (2:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер