Талдықорғандық «Жетісудің» екінші ОЖЖ-дағы барлық қарсыласы белгілі болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТалдықорғандық «Жетісу» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы барлық қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін жетісулықтар Словакияның «Слован-Братиславасымен» кездеседі. 4 ақпанда Ресейдің «Нижний Новгородымен», 7 ақпан күні Өзбекстанның «Навбахорымен», 9-да украиналық «Днепрмен» және 11 ақпанда «Колоспен» ойнайды.
Айта кетейік, «Жетісу» екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.