The Atlantic Cup 2020: «Астана» алғашқы ойында жеңіліс тапты
![The Atlantic Cup 2020: «Астана» алғашқы ойында жеңіліс тапты](https://prosports.kz/upload/news/content/204253_100eab91e7796ce2acf931340568462b.jpg?v=28664953)
Халықаралық «Атлантика кубогы» турниріне қатысып жатқан «Астана» футбол командасы Данияның «Копенгаген» клубынан айласын асыра алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Даниялықтар матч бастала салысымен-ақ шабуылға көшті,тіпті ол өз нәтижесін берді де. 3-минутта «Копенгаген» шабуылшысы Майкл Сантос есеп ашты. Бұдан кейін қос қарсылас қанша тырысса да, қақпаны дәл көздейтін ешкім табылмады. Матч 1:0 есебімен аяқталды.
2020 жылғы Атлантика кубогы
«Копенгаген» - «Астана» - 1:0
Гол: М. Сантос, 3
Айта кетелік, «Астана» 4 ақпанда «Бреннбюмен», ал «Копенгаген» бір күн бұрын «Норчеппингпен» ойнайды.