Басқа

Бадминтоннан команда бапкері ел чемпионатын қорытындылады

Бадминтоннан команда бапкері ел чемпионатын қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда бадминтоннан еліміздегі үздік 16 спортшы арасында өткен Қазақстан біріншілігі аяқталды. Осыған орай, команда бас бапкері Асқар Орманов Olympic.kz сайтына пікір білдірді.

"Ел чемпионатын қорытындылай келе, әйелдер арасындағы бәсекелестіктің артып келе жатқанын айтқым келеді. Соңғы сәтке дейін жеңіс тұғырына кімдердің көтерілетіні анықталған жоқ. Шыны керек, бапкерлер алқасын бұл қуантатын жағдай. Енді командалар арасындағы Азия чемпионатына дайындаламыз. Осыған орай, оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жаттығу жиынын 11-16 ақпан аралығына жоспарлап отырмыз. Жиын Филиппиннің Манила қаласында өтеді", - дейді Орманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер