Футзал

Кака: Басты міндет - бірінші орын алу

Кака: Басты міндет - бірінші орын алу
news-banner7
mobile-news-top
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат беріп, оқу-жаттығу жиыны мен 2020 жылғы Әлем Чемпионаты элиталық кезеңі аясындағы кездесулер туралы ойын ортаға салды, деп жазады Prosports.kz.

- Ең алдымен маңызды турнирге дайындалу үшін жағдай жасаған Қазақстан Футбол федерациясына алғыс айтқым келеді. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Оқу-жаттығу жиыны жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Алғашқы күні ауа-райының қолайсыздығына сәйкес сәл өзгерістер енгіздік. Ешқандай мәселе жоқ. Бүгін қорытынды жаттығу. Ойыншылардың денсаулығы да жақсы.

- Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың саны - 16. Чехияға 14 ойыншы ғана барады. Нақты құрамды анықтадыңыз ба?

- Нақты тізім анықталды. Ойыншыларға әлі айтылмады. Олар ақпаратты БАҚ арқылы білгені дұрыс емес деп санаймын. Жеке айтамын. Екі ойыншының болашағы зор. Олар үшін ұлттық құрама осы оқу-жаттығу жиынымен аяқталмайды.

- Турнир алдында қандай міндет тұр? Ойындардан не күтесіз?

- Еуропа елдері арасында Қазақстан төртінші орында тұр. Әлем рейтингінде жетінші. Мұндай жарыстарда бірінші орыннан басқа мақсат болмауы тиіс. Қарсыластардың барлығын құрметтейміз. Алайда, басты міндет - бірінші орын алу. Турнир аясында көптеген жағдай болады. Алғашқы қарсылас - Румыния. Соңғы рет осы елдің ойыншыларымен ойнадық. Сол себепті мағлұмат жеткілікті. Словения ірі турнирлерге жиі қатысатын шебер команда. Чехия өз алаңында өтетін ойындарды жақсы өткізеді.

- Оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында неліктен өтіп жатыр?

- Өйткені, барлық жағдай жасалған. Қазақстанның елордасы. Осы уақытқа дейін оқу-жаттығу жиындарын Атырау мен Алматы қалаларында өткіздік. Ешқандай кедергі көріп тұрғын жоқпыз. Еліміздің астанасында футзал шаралары жиі өтеді деп үміттенемін.

- Жаңа тактикалар бар ма? Игитаны шабуылға араластырмай, қарсыласты басқаша қалай таңғалдырамыз?

- Ұлттық құрамада басты рөлге шыға қоймаған ойыншылар бар. Мәселен, Оразов пен Тұрсағұлов. Сонымен қатар, Альберт Ақбалықов және Азат Валиуллин сынды жаңа ойыншылардың ойыны қарсыластар үшін ыңғайсыздық тудыруы ықтимал. Игита - Қазақстан құрамасының символы. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында Игитаны шабуылға араластырмай, ойнай алатын футболшылар пайда болды. Жаңа комбинациялар әр ойында қарсыластар көрсететін қиындықтарға байланысты болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер