Басқа

2030 жылғы қысқы Олимпиада Саппорода өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Олимпиада комитеті сәрсенбі күні 2030 жылғы қысқы ойындарды өткізуге берілген елдің солтүстігіндегі Саппоро қаласының өтінішін қабылдады.

Енді бұл мәселе Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) келісілетін болады.

Саппоро әуеліде 2026 жылғы Ойындарды өткізуге үміткер болған, бірақ жер сілкінісінен кейін екі жыл бұрын бұл шешім күшін жойды. ХОК президенті Томас Бах бұдан бұрын Саппороны 2030 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде оң бағасын берген еді. Сонымен қатар, Саппоро биыл Жазғы ойындардың жүгіру марафонын қабылдайды. Өйткені онда ауа райы Токиомен салыстырғанда салқындау.

Айта кеткен жөн, Саппоро қаласы 1972 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер