ММА

Орталық Азия ММА Конфедерациясы құрылады

Орталық Азия ММА Конфедерациясы құрылады
news-banner7
mobile-news-top

8 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Hilton Astana қонақ үйінде Орталық Азия ММА Конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған Конфедерация құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдері кіретін болады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Орталық Азия аймағында ММА аралас жекпе-жек спортын дамыту және 2020 жылдың маусымында Нұр-сұлтан қаласында өтетін ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты қатарлы мәселелерді талқыланады.

Баспасөз конференциясының ұйымдастырушысы - 2018 жылдың желтоқсанында құрылған "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі. Бірлестік басшысы - Ғалымжан Есенов. Ал бас директоры - Валихан Тен.

Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер