Футзал

ҚФФ бас хатшысы ұлттық құрама мүшелерімен кездесті

ҚФФ бас хатшысы ұлттық құрама мүшелерімен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин елордада футзалдан ұлттық құрама мүшелерімен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Ұлттық құрама 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталы кезеңінде бақ сынау үшін Чехияға аттанады.

Бас хатшы байрақты бәсекеге аттанып бара жатқан ойыншылар мен жаттықтырушылар алқасымен жолықты. Ол біздің команда осы турнирде сәтті өнер көрсетіп, шетелде Қазақстан футзалының жоғары беделін сақтай алады деген сенімін білдірді. Ал өз кезегінде ұлттық құрама мүшелері отандық жанкүйерлерді қуанту үшін барын салуға уәде берді.

Сондай-ақ, ҚФФ бас хатшысы құраманың бас бапкерін бөлек тыңдады. Бас бапкер ойыншылардың қазіргі жағдайы туралы айтты. Рикардо Каканың айтуынша, шәкірттері өздерін дәлелдеуге және әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алуға дайын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің элиталық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары - Румыния, Словения және Чехия. Элиталық кезең ойындары 2-5 ақпан аралығында өтеді.

undefined

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарына аттанады

Футзалдан оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер